Не болды?
9 сәуір күні Атырау облысында полиция қызметкерлері түйе ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан топты ұстады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Polisia.kz ақпаратына қарағанда, ішкі істер министрлігінің мал ұрлығын анықтау бағытындағы жұмысы жалғасып жатыр. Тергеу барысында ұрылар далада еркін жайылған түйелерді түнгі уақытта айдап алып кетіп жүргені анықталды.
Ұрланған түйелер жүк көлігімен Маңғыстау облысына жеткізіліп, кейін сатуға шығарылған. Күдіктілердің мал ұрлағаны дәлелденді. Шығын көлемі 10 миллион теңгеден асты. Ұрланған мүліктің едәуір бөлігі тәркіленіп, сатылмады, — дейді полиция.
Қазір барлық күдікті ұсталып, қамауға алынды. Ішкі істер министрлігі заң бойынша мал ұрлағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін еске салды.
Мал ұрлығының алдын алу үшін иелері малдарын есепке алып, оларды чиптеуге және қараусыз қалдырмауға тиіс.
Контекст
Естеріңізге салайық, Батыс Қазақстан облысында мал ұрыларының ішінде мал дәрігерлері болған.
