Не болды?
Батыс Қазақстан облысында мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Облыстық прокуратура мәліметіне қарағанда, жасырын тергеудің арқасында облыс аумағында көп уақыт бойы мал ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.
Тергеу кезінде бұл топ құрамында мал дәрігерлері болғаны анықталды. Олар ұрланған малды деректер базасы арқылы заңдастырып отырған. Күдіктілер қамауға алынды, — делінген хабарламада.
Сот өткенше басқа мәлімет жарияланбайды.
Контекст
Естеріңізге салайық, 10 наурызда Павлодар облысындағы Майқайың ауданында мал іздеуге шыққан ер адам үсік шалып, қаза болды.
