Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Шымкент әуежайында ұшақ итті қағып кетті

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағында FlyArystan авиакомпаниясының ұшағы қатысуымен авиациялық оқиға орын алды. Алматыдан ұшып келген лайнер қону кезінде итті қағып кеткен. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл ақпаратты әуе компаниясының баспасөз қызметі растады.

Компания мәліметінше, оқиға 15 сәуір күні Алматы – Шымкент бағыты бойынша қатынаған FS7105 рейсі қонған сәтте болған. Соқтығыс салдарынан әуе кемесінің кейбір бөлшектері зақымданған. Қазіргі уақытта ауыстырылуға тиіс бөлшектер Алматыдан жеткізіліп жатыр. Тексеру жұмыстары аяқталғанша ұшақ пайдаланудан уақытша шығарылды.

Иттің жағдайы әзірге белгісіз.