Не болды?
2026 жылғы наурыз айында Қазақстан азаматтарының депозитіндегі ақша 26,2 триллион теңге болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Ұлттық банк статистикасына қарағанда, сәуірдегі ақпарат бойынша, жалпы депозитте 46,6 триллион теңге сомасы бар. Оның:
- 20,4 триллион теңгесі банктен басқа әртүрлі компанияның қаржысы;
- 26,2 триллион теңге халықтың жиған-терген ақшасы.
Осы 46,6 триллион теңгенің 21,6 триллион теңгесі жеке тұлғаларға тиесілі, 15,6 триллион теңгесі – бизнестің депозит шотындағы қаржы. Ал 9,5 триллион теңгесі – шетел валютасында жинақталған қаржы.
Контекст
Естеріңізге салайық, Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 18,0% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
