Атырауда полиция бастығы қызметінен босап, тергеуге алынды

Атырау полиция басқармасының бастығы қызметінен босатылып, қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ведомстволық тексеру барысында аталған лауазымды тұлғаның заң талаптарына қайшы әрекеттерге барғаны анықталған. Соның негізінде ол ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан шығарылып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбай отыр. Министрлік қабылданған шешімдер заңдылықты қатаң сақтау қағидатына сәйкес жүзеге асқанын атап өтті.

Ведомство қызметтік тәртіп пен заң талаптарын бұзған кез келген тұлға, атқарып отырған лауазымына қарамастан, міндетті түрде жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеп отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да