Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Елімізде мүгедектік рәсімдеу жеңілдейді: жаңа норма

Фото: Бақдәулет Әбдуалы
Мәжілістің екі комитеті «Ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдап, ҚР сенатына жолдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетовтың мәліметінше, заң жобасы аясында дәрі-дәрмек қолжетімдігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі.

Оның айтуынша, қазіргі таңда елде дәрі-дәрмек нарығында бірқатар мәселе бар. Атап айтқанда, кейбір қажет препараттар азаматтарда қаржысы болса да, қолжетімсіз.

Көршілес елдерде шамамен 17 мың дәрі тіркелсе, бізде бұл көрсеткіш 6 мыңнан сәл асады, – деді депутат.

Негізгі өзгерістер:

  • Дәрілерді тіркеу жеңілдейді

АҚШ пен Еуропада мақұлданған жаңа дәрілерді Қазақстанда 15–30 күн ішінде тіркеуге мүмкіндік беріледі.

  • Тіркеу мерзімі қысқарады

Қазіргі 200 күндік процесс 100 күнге дейін қысқарады.

  • Министрлікке жаңа өкілеттік

Енді уәкілетті орган сұраныс болмаған арзан дәрілерді өз бетінше тіркей алады.

  • Шикізат сапасына бақылау күшейеді

Шетелден келетін фармацевтикалық субстанциялар кеденде қатаң тексеруден өтеді.

  • Мүгедектік рәсімдеу жеңілдейді

Енді комада жатқан азаматтар үшін өтінішті туыстары бере алады. Комиссия науқастың жағдайын өзі барып тексереді.