Air Astana мен FlyArystan авиакомпаниялары отын көлемі бойынша айыппұл арқалады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Көлік министрлігінің мәліметінше, әуе отынымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеріс барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады.
Air Astana және FlyArystan авиакомпаниялары авиаотын көлеміне қатысты бұрмаланған деректер ұсынған. Аталған фактілерге байланысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, компанияларға әкімшілік шаралар қолданылды, — делінген хабарламада.
Нәтижесінде екі авиакомпанияға да 100 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынды.
