Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Тоқаев «Батыс» өңірлік әскерлерінің қолбасшысын тағайындады

Фото: Ақорда
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысын тағайындады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, бұл лауазым Нұрлан Кәрібаевқа бұйырған.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікбайұлы Кәрібаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.