Қазақстанда жанармай бірден емес, біртіндеп қымбаттайды

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев бензин бағасының өзгерісі мен жанармай сапасына қатысты пікір айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оның айтуынша, мемлекет пен энергетика министрлігі жанар-жағармай бағасының күрт өсуіне жол бермейді. Мораторий алынып тасталғаннан бері екі апта өтсе де, баға негізінен шамамен 1 теңгеге ғана өскен.

Қазіргі уақытта ішкі нарықты жанармаймен толық қамтамасыз ету үшін ұлттық компаниялармен ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр, — деді вице-министр.

Сонымен қатар ол отандық бензин сапасына қатысты да пікір айтты.

Зауыттарымызда ең үздік зертханалар бар, бензин сапасына қатысты шағым жоқ. Баға күрт өспейді, біртіндеп өзгеруі мүмкін, – деді Қайырхан Тұтқышбаев үкімет отырысынан кейінгі брифиңде.