Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстанда банк шоттары неге бұғатталып қалды? Вице-министр себебін түсіндірді

Фото: Newstula.ru
Қазақстан қаржы министрлігі банктік есепшоттардың жаппай бұғатталуына қатысты жағдайға түсінік берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

9 сәуір күні бірқатар кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың банктік шоттары негізсіз бұғатталып, кей компаниялар бір күн бойы қаражатына қол жеткізе алмаған.

Вице-министр Ержан Біржановның айтуынша, бұл жағдай жаңа ақпараттық жүйелерді енгізу барысында туындаған техникалық ақауға байланысты болған.

Бастапқыда салық берешегі бар тұлғалардың, яғни 1 қаңтардан бастап қарызы бар азаматтардың шоттарын бұғаттау көзделген еді. Алайда жүйе бұрын қарызы болған борышкерлерді де автоматты түрде бұғаттап жіберген. Бұл әдістемелік және техникалық қате болды. Біз мәселені бір тәуліктің ішінде шештік. Бизнес өкілдерінен кешірім сұрадық. Ең бастысы – жаңа жүйе іске қосылды, – деді Ержан Біржанов үкіметтегі брифиңде.

Вице-министр мұндай жағдайдың қайталанбайтынына сендірді.