Кәсіппен айналысып, бір орында отырмай, үнемі қозғалыста жүретіндер үшін ASUS ExpertBook Ultra – өте ыңғайлы құрылғы. Бұл ноутбук дәл осындай қарқынды өмір салтына бейімделіп жасалған. Әлемнің қай жерінде болсаңыз да, жұмысыңызды тоқтатпай жалғастыруға мүмкіндік береді.
Осы мүмкіндіктерді шын өмірде тексеру үшін құрылғыны Up Travel турагенттігінің директоры Айдос Рахадылов бірнеше күн бойы қолданып көріп, Baribar.kz тілшісіне тәжірибесін айтып берді.
Туризм саласында жүргеніме 10 жылдан асты. Қазақстандағы ең ірі туркомпанияда алты жыл істедім. Ал кейінгі төрт жылдан бері өзімнің Up Travel деген турагенттігімді басқарып келемін. Командамыз жыл бойы адамдарды түрлі елге саяхатқа жібереді. Оған қоса жылына екі рет АҚШ штаттарына авторлық тур ұйымдастырып, туристерге виза алуға көмектесемін. Оларды Лос-Анжелес, Лас-Вегас, Нью-Йорк сияқты шттаттарға апарып, қыдыртамыз. Бір сөзбен айтқанда, жұмысымыз – саяхатын тағатсыздана күткен туристерімізге бақыт сыйлау.
Қол жүгінен көп орын алмайтын жұқа әрі жеңіл ноутбук
Көріп отырғаныңыздай, бір кеңсеге байланған адам емеспін. Бүгін Алматыда кеңседе құжаттармен отырсам, ертең басқа елде жүруім мүмкін. Жылына кемінде бес-алты рет шетелге ұшамын. Мұндай қарбалас жұмыста ASUS ExpertBook Ultra ноутбугы өте ыңғайлы дер едім. Себебі, біріншіден, құрылғы өте жеңіл әрі жұқа. Бұл қала ішінде жүргенде де, әуежайда рейс күтіп отырғанда да, бір қол жүгімен сапарға шығып кеткенде де тиімді. Мысалы, жұмыс бабымен екі күнге басқа қалаға іс-сапарға шыққанда үлкен жүкті тасып жүргің келмейді. Қол жүгімен кете бересің.

Ойлаңызшы, бес немесе сегіз келі қол жүгіңіздің екі немесе үш келісін ноутбук алып тұрса, не болмақ? Меніңше, ыңғайсыз әрі ауыр болар еді. Ал мына ноутбуктың салмағы бір келіге де (990 грамм) жетпейді екен.



Экран көп нәрсеге әсер етеді
Екіншіден, маған экранының сенсор екені қатты ұнады. Бәріміз смартфонға үйреніп алған соң, экранды көрсек, саусақпен түртіп отырғымыз келетіні рас қой? Менде де солай. Экран саусақты жап-жақсы сезіп тұр.

Ноутбук жеңіл болғанымен, кішкентай емес. Дисплейі – 14 дюйм, экран жақтауы жұқа. 3K Tandem OLED технологиясы (бұл нұсқадағы түрі 1,1 келі) қолданылыпты. Сипаттамасында экраннан бейне 2880×1800 сапамен көрсетіледі деп тұрды. Шынымен де, экраннан барлық нәрсе анық әрі қанық көрінеді.

Жарығы – 600 кд/м², шекті жарығы – 1400 кд/м²7. VRR технологиясы жиілін 30 Гц – 120 Гц аралығында өзгертіп отырады. Бұл керек кезде ноутбукқа тез жұмыс істеуге, керек кезде қуатты үнемдеуге жәрдемдеседі. Жұмыспен әртүрлі жерге барамын, сондықтан экран кез келген жерге бейімделе алғанын қалаймын. Экран Corning Gorilla Glass Victus және Corning Gorilla Matte әйнегінен жасалыпты. Бұл туралы естуім бар: экран өте берік әрі сапалы әйнектен жасалған деген сөз. Оған қоса экраны күңгірт (матовый) болған соң, ашық далада, мәселен кофехананың жазғы бетінде жұмыс істесең де, күн шағылыспайды.
Процессоры мықты болған соң, ноутбук жұмысыңды тез істеуге көмектеседі
Кейбір адам туризм саласында істейтіндерді «үнемі саяхаттап жүреді, жұмысы рахат» деп ойлайды. Дегенмен оның да көзге көрінбейтін шаруасы өте көп. Біз біреудің асыға күткен демалысына жауапты болғандықтан, әр бөлікке мән береміз. Сондықтан үшін ноутбуктың «миы», яғни процессоры өте маңызды. Мысалы, менде көбіне 10-15 бет ашылып тұрады: бірінде қонақүй қарап отырамын, бірінде билет, үшіншісінде клиентпен хат жазысып отырамын, тағы бірінде бронь жасап жатамын. Оған қоса командаммен онлайн жиналыс өткіземін, серіктестердің уебинарына қатысамын. Кейде шетелге арнайы барып, қонақүйлерді аралап, ақпарат жинаймын, танысып қайтамын. Осындай кезде кей ноутбук «ойланып» қалады.

Ал ASUS ExpertBook Ultra ноутбугынан ондайды байқамадым. Intel Core Ultra (3-буын) процессоры бір уақытта бірнеше тапсырманы бөліп алып, бәрін қатар істей береді. Бір жұмыс екіншісіне кедергі келтірмейді. Мен үшін бұл, әсіресе «күйіп тұрған» турларды тез брондау керек кезде өте маңызды. Туризм саласында тез қимылдамасаң, мүмкіндікті жіберіп алуың мүмкін.
Графикасына келсек, мұнда Intel Arc Graphics B390 орнатылған екен. Оның өнімділігі кей ойын ноутбугының NVIDIA RTX 4050 деңгейіне жетеді. Презентация, визуалмен жұмыс істегенде немесе видео қарағанда бәрі анық, тез ашылғаны содан болар. Демек, ноутбук тек құжат жасағанға емес, басқа да «ауыр» іске жарайды.
Жедел жады да жылдам – LPDDR5x, ал көлемі 64 ГБ-қа дейін жетеді. Содан да, көп тапсырманы қатар ашқанда жүйе баяуламай істейді екен.

Заман талабына сай құрылғы
Ішінде қуаты 50 TOPS болатын нейропроцессор орнатылған, ал платформаның ЖИ өнімділігінің көрсеткіші 180 TOPS-қа дейін жетеді. Оны байқамай да қаласың, бірақ жұмысқа әсері бар: кей процесс тезірек жүреді, ноутбуктың өзі де «жеңіл» жұмыс істеп тұрғандай сезіледі.
Бұл жай ғана ноутбук емес, күнделікті жұмысты жеңілдететін ақылды көмекші сияқты. Жасанды интеллект функциялары құжат іздеу, жоспар құру, ақпарат талдау сияқты процестерді әлдеқайда жылдам етеді. Әсіресе көп тапсырмамен жұмыс істегенде уақытты айтарлықтай үнемдейді.

Комфортыңды бұзбайтын желдеткіші бар
Мен үнемі кеңседегі жайлы үстелімде отыра бермеймін. Кейде әуежайда, ұшақта құрылғыны тізеге қойып жұмыс істеу керек. Кейде кофеханада отырып атқара беремін. Осындайда өзіме де, өзгеге де ноутбугымның кедергі келтіргенін қаламаймын. Сондықтан екі желдеткіші бар ExpertCool Pro салқындататын жүйесі ұнады. Құрылғыны тез суытып отырады әрі желдеткіш істеп тұрғанда қатты дыбыс шықпайды. Айтпақшы, желдеткіші ноутбук ашылып тұрса да, жабылып тұрса да істей беретіні ұнады. Мониторы қосылып тұрса болды екен.


Қауіпсіздік деңгейі жоғары
Менің ноутбугымда компанияның ішкі файлдары ғана емес, туристердің де жеке дерегі, құжаты, паспорт мәліметі сақталады. Сондықтан ноутбуктың қауіпсіздігіне де мән беремін. ASUS ExpertBook Ultra бұл жағынан да көңілімнен шықты. Мұнда бизнес-класс деңгейіндегі ASUS ExpertGuardian қауіпсіздік жүйесі орнатылған.
Мысалы, ноутбукты қосу үшін саусақ ізін сканерлеу керек – бөтен адам ашып кете алмайды. Оның үстіне, ішінде TPM 2.0 деген арнайы шифрлау модулі орнатылған, яғни барлық дерек жіті қорғалады. BIOS деңгейінің өзі халықаралық NIST SP 800–193 стандартына сай қорғалған. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл ноутбукты «ішінен бұзып кіру» де оңай емес деген сөз. Ал Microsoft Pluton қауіпсіздік процессоры құрылғының өзін қосымша қорғайды.

Оған қоса SSD дискіндегі OPAL SED жинақтағышы автомат түрле өз бетімен шифрланады. Демек, ноутбук жоғалып кетсе, ішіндегі ақпаратты ешкім ала алмайды. Керемет функция дер едім.
Әр бөлігі қолайлы әрі жұмысты өнімді етеді
Тачпады да, пернетақтасы да сезімтал, қатты немесе бірнеше рет басудың қажеті жоқ. Оған қоса пернетақтаны сәл дымқыл саусақпен ұстай берсең де, ештеңе етпейді екен. Қуаты да көпке жетеді. Бітіп жатса, қуаттағышына қойсаң, 36 минуттың ішінде-ақ 50% етіп толтырып береді. Бұл уақыт үнемдеуге, қуаттағышын барған жердің бәріне көтеріп жүрмеуге мүмкіндік береді.




Бір айта кетері, ASUS ExpertBook Ultrа-ның да жалғағыштары көп: 2× Thunderbolt™ 4 Type-C (4K дисплейлерге қосылады, USB Power Delivery 3.0), 2× USB 3.2 Gen2 Type-A, 1× HDMI 2.1 TMDS, 1× біріктірілген аудиожалғағыш (құлаққап/микрофон). Бұл жиналыста, презентация көрсетерде өте тиімді.

Оған қоса, MyASUS бағдарламасы ыңғайлы екен. Компанияны, команданы басқару оңай шаруа емес. Жұмысың басыңнан асып жатқанда ноутбук бұзылып, оның қай жері істемей қалғанын іздеп отырғың келмейді. Ал MyASUS-тан құрылғыны толық қадағалап, функцияларын өзгертуге болады екен.

Қорытындылай келе, ASUS ExpertBook Ultra ноутбугының мынадай артықшылықғын айтуға болады:
- жеңіл әрі жұқа;
- берік әрі сапалы материалдан жасалған;
- процессоры мен графикасы қуатты;
- жасанды интеллектіге негізделген функциялары жұмыс өнімділігін арттырады;
- қуатты көпке жетеді;
- экраны сенсор әрі сапалы;
- қауіпсіздік деңгейі жоғары.

