Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

«Бізді ешкім қарсы алмады» деген блогерлерді Тұрсын мен Баян қонақ етті

Видео скрині
Тұрсын Алагөзов пен Баян Мақсатқызы Американың танымал тревел-блогері Коннор Кампергиниді өз шаңырақтарында қонақ етті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бүгін танымал тревел-блогерді қарсы алдық. Оған барлығы ұнады деген ойдамыз. Ол бізге қонаққа келуге өзі ниет білдірді. Біздің үй қаланың көрікті жеріне айналған сияқты, — деді Баян Мақсатқызы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Baribar.kz / Бізде бәрі бар! (@baribar.media)

Еске салайық, бұған дейін блогер Қазақстанға сапары кезінде туризм және спорт министрлігіне қатысты наразылығын білдірген болатын. Оның айтуынша, ресми шақырту алғанына қарамастан, оны елде ешкім қарсы алмаған.

Осы жағдайдан кейін Қазақстанның туризм және спорт министрлігі блогердің мәлімдемесін жоққа шығарды. Ведомство оның арнайы шақырылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген болатын.