Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Тоқаев құрылтайды сайлау тамызда өтетінін айтты

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда құрылтайды сайлау тамыз айында өтетінін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Президенттің айтуынша, Конституция күшіне енгеннен кейін бір палаталы құрылтайды сайлауды өткізу туралы жарлыққа қол қойылады.

Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін маңызды оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беруді жөн санаймын. Сайлау биыл тамызда өтеді. Бұл партиялардың дайындалуына және сайлаушылармен жұмыс жүргізуіне жеткілікті уақыт береді, — деді Тоқаев Ақордада ғалымдармен кездесуде.

Оның сөзіне қарағанда, сайлау науқанына дайындық үшін партияларға шамамен бес ай уақыт беріледі.

Президент құрылтайды сайлау елдің саяси жүйесін жаңғыртуға жол ашатынын атап өтті. Оның пікірінше, бұл өзгерістер саяси және экономикалық реформалар арқылы қоғамдық сананың оң бағытта дамуына ықпал етуге тиіс.