Алматыда кітапханалардың мобайл қолданбасы ресми түрде іске қосылды. Жаңа цифрлық сервис оқырмандарға кітапхана қызметтерін қашықтан әрі ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әкімдіктің мәліметінше, қолданба алғаш рет KitapFest-2026 кітап фестивалінде таныстырылды. Жаңа сервис арқылы пайдаланушылар оқырман билетін онлайн рәсімдеп, кітап қорымен қашықтан таныса алады. Сонымен қатар тіркелген қолданушылар әдеби жаңалықтар мен іс-шаралар туралы ақпарат алып отырады. Геолокация функциясы арқылы ең жақын кітапхананы оңай табуға мүмкіндік бар.
Электрон оқырман билеті барлық филиалда жарамды және өзін-өзі қызмет көрсету құрылғыларында қолданылады. Бұдан бөлек, қолданба кітаптарды үйге жеткізу қызметі де қарастырылған. Бұл мүмкіндік әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін тегін ұсынылады. Қолданбаны дамыту кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр: бастапқыда тек Android жүйесінде қолжетімді болған сервис 6 сәуірден бастап iOS пайдаланушыларына да ұсынылды, — делінген хабарламада.
