Биыл Қазақстанда 7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған әскери шерулер өтпейді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери шерудің орнына әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған.
Атап айтқанда, республика көлемінде ерлік сабақтары, үздік әскери қызметшілер мен ардагерлерді құрметтеу шаралары, сонымен қатар экологиялық акциялар ұйымдастырылады. Бұдан бөлек, әскери оркестрлер шеруі мен шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламалары жоспарланған. Сонымен бірге техника мен қару-жарақ көрмесі, «сарбаз ботқасы» акциясы және ашық есік күндері өтеді, — делінген хабарламада.
Бұл іс-шаралар 10 мамырға дейін жалғасады.
