Заңгер әрі блогер Әділетхан Молдаханды қамауға алу мерзімі ұзартылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Заңгердің ағасы Дәулетхан Ахметов әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, биліктен әділдік пен бостандық талап етіп отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Әділетхан Молдахан 30 наурызда ұсталған еді. Алғашында оның 10 күнге әкімшілік қамауға алынғаны хабарланған, бірақ қазір бұл мерзім екі айға дейін ұзартылды.
Заңгердің ұсталуына себеп – Алматыдағы әл-Фараби даңғылы көшесінде орын алған қайғылы жол апатына байланысты жариялаған пікірі. Үш адамның қазасынан кейін блогер әлеуметтік желіде видео жариялап, полиция қызметкерлерінің әрекетін сынға алған болатын. Полиция «Көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
