Данияр Мейірхан қызметінен шеттетілді

Не болды?

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан қызметтен шеттетілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, Данияр Мейірханға ұжымдық шағым түскен. Бірнеше қызметкердің шағымы негізінде іс тіркелді.

Данияр Мейірхан тексеру барысында қызметтік міндеттерін атқарудан шеттетілді, — деп хабарлады министрлік.

Бұған дейін Insragram-да Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат тарады. 20 қызметкер Данияр Мейірханға ұжымдық шағым түсірді. Желіде тараған ақпарат бойынша, ол мансаптық өкілетін теріс пайдаланып, қызметкерге тиіскен.

Анықтама

Данияр Мейірхан — полиция полковнигі. Мансап жолын 2003 жылы Ақтөбе облыстың ішкі істер департаментінің жедел уәкілі қызметінен бастады. 2024 жылғы қыркүйектен бастап есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2025 жылғы қыркүйектен бастап есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасы болды.