Не болды?
Медеу маңындағы жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Алматы прокуратурасының мәліметіне қарағанда, екі жер телімі жеке меншікке заңсыз берілген. Жер телімдерінің жалпы ауданы — 288 гектар, құны — 17 млрд теңгеден асады.
Бұл ауыл шаруашылығына арналған су қоры бар жер болғандықтан сатып алуға, сатуға болмайды. Алматы сотының шешімі бойынша, жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Контекст
Естеріңізге салайық, қаңтарда прокуратура Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтарған еді.
