Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Қазақстандағы педагогтардың 81 пайызы — әйел

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Не болды?

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «БҰҰ-Әйелдер» құрылымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы әрі ұйымның Қазақстандағы өкілі Жерен Гювен Гюреспен кездесті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына қарағанда, елімізде 217 заманауи мектеп оқуға берілген, оның 84-і ауылда бой көтерген. Министрдің айтуына қарағанда, бұл ауыл мен қала арасындағы білім сапасының теңсіздігін жоюға мүмкіндік береді.

Бүгінде елімізде педагогтардың 81 пайызы — әйел. TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің қорытындысы білім беру саласындағы жақсы нәтиже көрсетті. Мұғалімдердің 95 пайызы жұмысына көңілі толатынын, ал 80 пайызы кәсіби таңдау мүмкіндігі қайта берілсе, тағы да осы мамандықты таңдайтынын айтқан, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Жерен Гювен Гюрес Қазақстанның гендерлік саясат пен білім берудегі жетістіктерін жоғары бағалады. Кездесу соңында Жұлдыз Сүлейменова мейманға Қазақстан саясатындағы әйелдер туралы кітапты тарту етті.

Контекст

Естеріңізге салайық, Қазақстанда мұғалімдердің пәндік білімін бағалауға арналған тестілеу жүйесі тоқтатылды.