Не болды?
Шығыс Қазақстан облысында екі азаматтығы бар тұрғындар жалпы 7 миллион теңге айыппұл төледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, биыл 250-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан ерікті түрде бас тартқан. Кейбірі басқа елдің азаматтығын алып, қолданыстағы заң талабын орындамаған. Полиция департаментінің көші-қон басқармасы екі азаматтығы бар адамдарды анықтап жатыр. Қазір 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы айыппұл көлемі — 7 миллион теңгеден асты.
Мысалы, 43 жастағы тұрғын 2026 жылдың ақпан айында көрші мемлекеттің азаматтығын алғаннан кейін уәкілетті органдарға уақытылы хабарламаған. Нәтижесінде құжаттары тәркіленіп, азаматтығынан айырылды, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, былтыр ішкі істер министрі Ержан Сәденов екі азаматтық үшін қылмыстық жаза тағауындау жайлы ойын айтқан еді.
