Талдықорғанда полицейлер бопсалаушылар тобын қолға түсірді. Қаланың 19 жастағы екі тұрғыны таныстарын күш қолданамыз деп қорқытып, өз атына микрокредиттер рәсімдеуге мәжбүрлеген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жетісу облысының полиция департаменті хабарламасында қылмыстық жоспар 2024 жылғы күзден бері жұмыс істегені анықталды. Жәбірленушілер несие рәсімдеп, алынған қаражатты күдіктілерге берген.
Тергеу мәліметінше, 6 адам зардап шеккен. Жалпы келтірілген шығын 2 миллион теңгеден асты.
Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Құқық қорғау органдары ескертеді: кез келген қысым көрсету немесе бопсалау фактілері орын алған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет. Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тұрақты бақылауда, – делінген ПД хабарламасында.
