Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бөгет бұзылды, бірақ жол ашық: Қорғалжындағы жағдай қандай?

Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында орналасқан Шөптікөл бөгеті бұзылып, су жақын маңдағы аумақтарға жайылды. Оқиға Сабынды ауылы маңында тіркелген. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, су тасқыны «Астана — Қорғалжын» республикалық маңызы бар автожолдың 75-шақырым тұсын кесіп өткен. Алайда, су жолдың жүру бөлігіне шықпаған, сондықтан көлік қозғалысы қалыпты режимде жалғасып жатыр.

Шөптікөл бөгеті, Қорғалжын
Фото: ҚазАвтоЖол

Жағдай толық бақылауға алынған. Оқиға орнына Ақмола облыстық филиалының жол қызметтері жедел түрде жұмылдырылды. Қазіргі уақытта 14 техника мен 30-дан астам маман жұмыс істеп жатыр. Мамандар инертті материалдарды дайындап, жеткізу жұмыстарын жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар аталған учаскедегі үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп, судың кедергісіз өтуін қамтамасыз етіп отыр. Жол жамылғысы зақымданбаған, қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ.