Не болды?
Алматы полициясы самокат пен жеткізу қызметін бақылауды күшейтеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Алматы полициясының мәліметіне қарағанда, енді полиция тұрғындардың қауіпсіздігі үшін кез келген жерде жатқан, қараусыз қалған самокаттарды алып кетеді.
Бұл — бизнеске қысым емес, тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Қауіпсіздікті арттыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылды, – деді Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов.
Контекст
Естеріңізге салайық, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап электр самокат ресми түрде көлік ретінде саналады.
