Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Санжар Боқаев ісіне қатысты тың ақпарат шықты

Фото: Әлеуметтік желіден
Бас прокуратура Санжар Боқаевтың ісіне қатысты қосымша ақпарат таратты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұған дейін Санжар Боқаевқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған болатын. Оған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сонымен қатар аса ірі мөлшерде алаяқтық жолмен қаржы жымқыру бойынша айып тағылып отыр.

Сенаттағы брифиң барысында бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегенов алаяқтық әрекеттердің қай кезеңде жасалғанын нақтылады. Оның айтуынша, бұл құқықбұзушылықтар ұлттық компанияда жұмыс істеген уақытта орын алған.

Айта кетейік, Санжар Боқаев 2015–2018 жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметін атқарған. Кейін, 2021 жылы компания атауы QazaqGaz болып өзгерді. Қазіргі таңда іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.