Ерболат Досаев «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оны құрамнан шығару туралы шешімді жалғыз акционер 25 наурыз күні қабылдаған. Қордың ресми сайтында Ерболат Досаев енді басшылық құрамында көрсетілмеген.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен де босатқан болатын.
Еске салсақ, Досаев қордың директорлар кеңесіне 2025 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген еді.
