Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай ӘЧ-дан қола жеңіп алды

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Не болды?

Семсерлесуші Нұрмұхаммед Жайлыбай жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан қола жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық олимпиада комитетінің ақпаратына қарағанда, Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында семсерлесуден жасөспірімдер мен кадеттер арасында әлем чемпионаты өтті.

Қазақ спортшы Нұрмұхаммед Жайлыбай чемпионаттың жартылай финалына дейін жетті. Шешуші кезеңде Түркия спортшысы Фуркан Яманнан 13:15 есебімен жеңіліп, турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Тағы бір қола жүлдені Мысыр спортшысы Ахмед Хешам алды. Екінші орынды Америка спортшысы Уилиам Морилу, бірінші орынды Түркия спортшысы Фуркан Яман жеңіп алды.

Контекст

Естеріңізге салайық, 15 жастағы Кәрім Меңдіханов «Барселонадағы» алғашқы қазақ футболшы болады.