Астанадағы 13 көшеге автобус жолағы енгізіледі

Бұған дейін Bus Lane жолақтары 11 аумаққа енгізілген еді. Оның ұзындығы – 38,4 шақырым болды.  Осылайша, олардың жалпы саны 24-ке жетті, ал учаскелердің ұзындығы — 79 шақырым.

Қала әкімдігінде өткен брифингте енгізілетін қосымша Bus Lane жолақтар қоғамдық көліктер үшін ғана емес, жедел-жәрдем, өрт сөндіру, полиция қызметі және ресми такси қызметінің орташа жылдамдық мөлшерін өсіруге мүмкіндік беретіні айтылды.

ДереккөзElorda.info