Не болды?
Алматыда 4 сәуірден бастап Қалқаман-Көктөбе бағытында №130 автобус жүре бастайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Алматы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, №130 автобус Қалқаман шағынауданындағы №7 қалалық аурухана мен «Көктөбе» аялдамасы арасында тоғыз минут сайын жүреді. Жаңа автобус күнде 05:30-дан 23:00-ге дейін жолаушы тасымалдайды.
Автобус Райымбек батыр даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Достық даңғылы және Сәтбаев көшесі арқылы жүреді. Маршрут бұған дейін қоғамдық көлік жүрмеген Бұқар жырау гүлзарына да барады, — делінген хабарламада.
Контекст
Естеріңізге салайық, Алматыда автобуста жол ақысын төлеу үшін жаңа жүйе іске қосылып жатыр.
