Air Astana әуекомпаниясы 29 наурыз бен 24 қазан аралығында жалғасатын жазғы навигация кезеңіне көшті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Компанияның мәліметінше, осы уақыт аралығында рейстер саны артып, жаңа бағыттар ашылып, маусымдық бағыттар қайта жанданады.
Ұшу бағдарламасы кеңейеді
Астана мен Алматыдан Бейжің, Ыстамбұл және Анталья бағыттарына рейстер жиілейді.
Мамыр айынан бастап Астанадан Франкфурт қаласына күн сайын ұшуға болады.
Алматыдан Үрімші, Тбилиси және Ташкент бағыттарына рейстер саны артады.
Жаңа халықаралық бағыттар
- Алматыдан Шанхай қаласына аптасына үш рет ұшады.
- Астанадан Гуанчжоу бағытына аптасына екі рет рейс ашылады.
- Астана мен Алматыдан Ларнака қаласына да жаңа рейстер іске қосылады.
Нячаң, Данаң, Батуми, Подгорица, Бодрум бағыттарына рейстер қайта жанданады. Ал Мале бағыты мамыр айының соңына дейін ұзартылды. Билеттерді әуекомпанияның ресми сайты мен мобайл қолданба арқылы сатып алуға болады, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан азаматтары Қытай, Виетнам, Түркия, Грузия, Өзбекстан және Мальдив аралдарына визасыз саяхаттай алады.
