Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Жастарды аса ауыр қылмыстарға тартқан 20 адам ұсталды

Фото: Polisia.kz
Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында «жұмыс істеген» аса қауіпті қылмыстық топтың 20 мүшесін ұстап, оларды қолға түсірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

ІІМ мәтіметінше, қылмыстық топтың бір мүшесі Қазақстан спортындағы беделін пайдаланған.

Ол спортты қолдау және дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға тартқаны анықталды. Ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау фактілері бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Қабылданған шаралар мен жедел әрекеттердің арқасында 20 адам ұсталды, — делінген хабарламада.

Олардың қылмысынан болған залалды анықтау үшін полиция 47 рет тінту өткізіп, ақша, қару-жарақ пен өзге де дәлелдер тапқан.