Талдықорғанда жанжал өліммен аяқталды: күдікті ұсталды

30 наурыз күні Талдықорған орталығында ауыр қылмыс тіркелді. Екі таныстың арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталып, бір адам қаза болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жетісу облысының полиция департаменті мәліметінше, таныстар арасында туындаған сөзге келіспеушілік төбелеске ұласқан. Алдын ала болжам бойынша, жанжал барысында күдіктілердің бірі пышақ қолданып, қарсыласына ауыр жарақат салған. Жәбірленуші сол күні қайтыс болған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері оны жақын маңнан ұстап, қолға түсірген.

Қазіргі уақытта адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.