ҚР ТЖМ «ҰҒСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін, 31 наурыз сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан. Эпицентр координаттары: 44.609º с.е., 79.709º ш.б. Тереңдігі — 10 км.
Есептік қарқындылығы (балмен):
- Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы — 2 балл
- Жетісу облысы, Текелі қаласы — 2 балл
- Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы — 2 балл
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер түскен жоқ, тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар тіркелмеді.
Еске салайық, бүгін түнде Жетісу облысында қуаты 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын.
