Алматыдағы ірі жол тораптарының бірі – Саин мен Мөңке би көшелерінің қиылысында жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші қоғамның ашуын туғызды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ақ түсті Chevrolet Cobalt маркалы көлік жолдың ортасында кері бағытта қозғалып, қатты дыбыс сигналын қосып жүргені көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, оқиға түнгі сағат 01:30–02:00 шамасында болған. Желі қолданушылары бұл жағдайды жуырда болған қайғылы оқиғамен байланыстырып отыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Видеоға қатысты Алматы қалалық полиция департаменті тексеру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, ережені өрескел бұзған жүргізушілер міндетті түрде анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады.
Желі қолданушылары өз пікірлерінде түнгі уақытта қала көшесінде мұндай әрекетке бару – жауапсыздық пен жол қауіпсіздігін елемеу екенін атап өтті.
Еске салайық, жақында жол ережесін елемеген жүргізушінің кесірінен үш адам қаза болған еді.
