Не болды?
2024 жылы дүние жүзінде шамамен 273 миллион бала мен жасөспірім мектепке бармаған. Әр алтыншы жасөспірім білім беру жүйесінен тыс қалған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
ЮНЕСКО мәліметінше, бүгінде әр үш жасөспірімнің екеуі ғана орта мектепті аяқтайды. Бұл көрсеткіш жетінші жыл қатарынан артып отыр. Оған халық санының өсуі, түрлі дағдарыстар мен білім саласына бөлінетін бюджеттің қысқаруы себеп болып отыр.
Мектепке бару баяулады
Ұйым ақпаратына қарағанда, 2015 жылдан бері мектепке бару барлық өңірлерде баяулаған. Ең айқын көрініс Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде байқалады. Бұл халық санының өсуімен байланысты.
Әлемдегі барлық баланың алтыдан бір бөлігінен астамы қақтығыс пен соғыс болып жатқан аймақтарында тұрады. Ендеше мектепке бармайтын балалардың нақты саны ресми статистикада көрсетілген көрсеткіштерден бірнеше миллионға көп. Таяу Шығыстағы шиеленіс көптеген мектептің жабылуына әкелді. Соның салдарынан миллиондаған бала сабаққа қатысу мүмкіндігінен айырылып отыр.
