Қостанай тұрғыны жанжал кезінде бұрынғы әйелін атып өлтірді

Қостанайда 37 жастағы әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – марқұмның бұрынғы жұбайы. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Облыстық ПД мәліметінше, ол өз еркімен полицияға келіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел тұрмыстағы жанжал барысында алған оқ жарақаты салдарынан қайтыс болған. Күдіктіге тиесілі тіркелген аңшылық мылтық тәркіленді, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да