Музыкалық аспаптарды ұшақпен тасымалдау тәртібі бекітіледі

Қазақстанда домбыра және өзге де музыкалық аспаптарды ұшақпен тасымалдау тәртібі бекітіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, бұл мәселе әлеуметтік желілерде домбыраны тасымалдауға қатысты даулы жағдайлардан кейін көтерілген. Осыған байланысты ҚР азаматтық авиация комитетіне тиісті тапсырма берілген.

Музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыраны тасымалдауды заңды түрде реттеу қажет. Жақын арада жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережесіне өзгерістер енгізіледі. Бір ай ішінде шешім қабылданады деп күтіліп жатыр, – деді вице-министр сенаттағы брифиңде.

Жаңа ереже бойынша, музыкалық аспаптардың салмағы мен көлеміне қарай нақты талаптар белгіленеді. Сонымен қатар жолаушыларға аспапты алып жүру үшін әуе компаниясын алдын ала хабардар ету міндеті енгізілуі мүмкін.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да