АҚШ-та әлемдік кинематографияның ең беделді марапаты «Оскар-2026» сыйлығының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Марапаттау рәсімі 98-ші рет өтті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Биылғы марапаттау рәсімінде бірқатар фильм академия мүшелерінің жоғары бағасына ие болды. «Оскар» марапаттау рәсімінде Пол Томас Андерсонның «Толассыз шайқас» (One Battle After Another) фильмі триумф жасады. Туынды жалпы саны алты номинация бойынша үздік шықты.
Негізгі номинациялар:
-
Үздік режиссер – Пол Томас Андерсон («Толассыз шайқас»);
-
Үздік фильм – «Толассыз шайқас»;
-
Үздік актер – Майкл Б. Жордан («Күнәхарлар»);
- Үздік актриса: Жесси Бакли («Хэмнет» / Hamnet)
-
Екінші пландағы үздік әйел рөлі – Эйми Мадиган («Қару»);
-
Екінші пландағы үздік ер адам рөлі – Шон Пенн («Толассыз шайқас»).
Маңызды оқиғалар:
Пол Томас Андерсон өзінің режиссерлық мансабындағы алғашқы «Оскарын» алды.
Отем Дюальд Аркапау («Күнәһарлар») «Үздік операторлық жұмыс» номинациясын жеңіп алған тарихтағы алғашқы әйел атанды.
«K-Pop: жын-пері аулаушылар» (K-Pop Demon Hunters) туындысы үздік анимациялық фильм атанса, ондағы Golden композициясы «Үздік түпнұсқа ән» номинациясын иеленген алғашқы K-pop әні болды.
Биыл алғаш рет «Үздік кастиң» (актерларды іріктеу) номинациясы енгізіліп, оны Кассандра Кулукундис («Толассыз шайқас») иеленді.
Үздік халықаралық фильм болып Норвегияның «Сентименталды құндылық» (Sentimental Value) туындысы танылды.
«Мистер Ешкім vs Путин» (Mr. Nobody vs. Putin) үздік деректі фильм номинациясын жеңіп алды.
