Не болды?
Орталық референдум комиссиясы ұсынған дерек бойынша, сағат 16.00-ге дейін референдумда 8 млн астам ел азаматы дауыс берді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Референдумда 8 029 286 ел азаматы дауыс берді. Бұл көрсеткіш тізімге енген азаматтардың 64,43%-ына тең.
- Абай облысы – 69,29 %;
- Ақмола облысы – 71,33%;
- Ақтөбе облысы – 77,65 %;
- Алматы облысы – 68, 23 %;
- Атырау облысы – 64,33 %;
- Батыс Қазақстан облысы – 60,61 %;
- Жамбыл облысы – 70,31 %;
- Жетісу облысы – 68,50 %;
- Қарағанды облысы – 72,63 %;
- Қостанай облысы – 70,96 %;
- Қызылорда облысы – 82,02 %;
- Маңғыстау облысы – 68,19 %;
- Павлодар облысы – 68,41 %;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 60,70 %;
- Түркістан облысы – 72,39 %;
- Ұлытау облысы – 66,50 %;
- Шығыс Қазақстан облысы – 78,98 %;
- Астана – 47,76 %;
- Алматы – 28,16 %;
- Шымкент – 72,61 %.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 18.00-де беріледі.
Уашиңтон, Нию-Йорк, Оттавада референдум учаскелері ашылды
Астана уақыты бойынша, сағат 16:00-де Уашиңтон, Нию-Йорк, Оттава қалаларында еліміздің референдум учаскелері ашылды.
Контекст
Естеріңізге салайық, бір шаңырақ астында 75 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келе жатқан Қали ата мен Бүбен апа референдумда бірге қатар дауыс берді.
