GGG, Қарин, Бектенов: референдумда кімдер дауыс беріп үлгерді?

Не болды?

Бүгін Қазақстан Республикасы азаматтары арасында жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге арналған референдум басталды. Геннадий Головкин, Ерлан Қарин, Олжас Бектенов және басқа да министрлер дауыс берді.

Мәлімет

Ел бойынша 10 402 учаске ашылды. Азаматтар 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін өз учаскесіне барып дауыс бере алады.

Референдумда ең бірінші болып Головкин дауыс берді. Ұлттық олимпиада комитетінің президенті, World Boxing ұйымының президенті Геннадий Головкин өз дауысын Бәңкоң қаласында берген.

Геннадий Головкин Бәңкоң қаласында өтіп жатқан World Boxing Futures Cup 2026 халықаралық турниріне қатысу аясында Қазақстанның Таиландтағы елшілігі жанындағы #453 референдум учаскесіне келіп, жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумда дауыс берді, – деп хабарлайды ҚР СІМ.

Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин, премьер-министр Олжас Бектенов, мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов та референдумда дауыс беріп үлгерді.

Өз учаскелерінде цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, сенат спикері Мәулен Әшімбаев, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, қорғаныс министрі Дәурен Қосанов та референдумға қатысты. Ол өз учаскесіне әскери формасымен келіп, дауыс берді.

Контекст

Естеріңізге салайық, Астанада 18 жастағы тұрғын алғаш рет дауыс берді.

Жамбыл ауданының тұрғыны, үшем дүниеге әкелген ана азаматтық позициясын білдірді. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да