Басты бет / Жаңалықтар /
референдум
Фото: Алматы әкімдігі

Бүгін референдум алдындағы үгіт-насихат аяқталады

13 наурызда республикалық референдум алдындағы үгіт-насихат кезеңі аяқталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Республикалық референдум туралы заң» бойынша референдум алдындағы күн мен дауыс беру күні үгіт жүргізуге тыйым салынады.

Бүгін сағат 00:00-де үгіт-насихат кезеңі аяқталады. Осы сәттен бастап «тыныштық күні» басталады. Яғни 14 және 15 наурызда кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Алайда бұған дейін ілінген плакаттар өз орнында қалуы мүмкін, – деді орталық референдум комиссиясы өкілі Ләззат Сүйіндік

Сонымен қатар бұл талаптарды бұзған тұлғалар Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Комиссия өкілінің айтуынша, дауыс беру күні сайлау учаскелерінің ішінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге рұқсат етілмейді. Азаматтардың пікірін тек учаскеден шыққаннан кейін ғана сұрауға болады. Мұндай сауалнама жүргізетін ұйымдар алдын ала орталық референдум комиссиясын хабардар етуге тиіс.

Еске салайық, 15 наурызда республикалық референдум өтеді. 

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook