«Үркер» сыйлығының жеңімпаздарына 1 млн теңге беріледі

«15 номинацияның әрбір жеңімпазы 1 миллион теңгеден алады. Менің ойымша, бұл ынталандыруға татырлық сыйақы», — деп жазды «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы Евгений Кочетов өзінің парақшасында.

«Үркер»  байқауының басты мақсаты — талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету. Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, «үздік фотосурет», «Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал» және «Қазнеттегі медиа серпіліс» сияқты бағыттар қамтылады.
Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады, сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда болмақ.

ДереккөзInform.kz