Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Бірнеше өңірде жол жабылды: «ҚазАвтоЖол» ескерту жасады

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерге ескерту жасады.

Шығыс Қазақстан облысы

  • KAZ-08 «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194–1212 шақырымы (Шемонаиха қаласы – Ресей шекарасы аралығы) уақытша жабылды.

Жолды 2026 жылғы 13 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы

  • «Қостанай – Мамлютка» автожолы, 226–406 шақырым (Қостанай облысы шекарасы – Мамлютка қаласы);
  • «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 346–407 шақырым (Жақсы кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).

Қостанай облысы

  • «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234–385 шақырымы (Ақтөбе облысы шекарасы – Денисовка кенті) жабылды.

Павлодар облысы

  • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығында (Қалқаман кенті маңы) қозғалыс шектелді.

Мақалаға реакция