Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Павлодар облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: ҚазАвтоЖол
Павлодар облысында ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2026 жылғы 11 наурыз сағат 17:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Атамекен – Ертіс – РФ шекарасы» автожолының 0-263 шақырымы аралығында (Атамекен ауылы – РФ шекрасы) барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады.

Жолды 2026 жылғы 12 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.