Алматы мен Алматы облысынан келген 315 фермер мен тауар өндіруші көктемнің алғашқы демалыс күндері – 7 және 8 наурызда – қала тұрғындарына 2000 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін ұсынады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Жәрмеңкелерде мыңнан астам түрлі тауар сатылады: көкөніс пен жеміс, ет, құс еті, балық, сүт және шұжық өнімдері, жұмыртқа, бакалея, бал, өсімдік майы және тағы басқа азық-түлік түрлері бар.
Қолданыстағы бағаны тұрақтандыру тетіктері бойынша әлеуметтік маңызы бар тауарлар қолжетімді бағамен сатылатын болады. Делдалдардың болмауы өндірушілерге өнімдерін нарық бағасынан орта есеппен 10–15% төмен бағамен ұсынуға мүмкіндік береді, — делінген хабрламада.
«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жәрмеңкелерді әр сенбі және жексенбі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін өткізеді. Қала бойынша жәрмеңке орындары:
-
Алмалы ауданы — Масанчи мен Гоголь көшелерінің қиылысы
-
Бостандық ауданы — Қазақфильм шағынауданы
-
Әуезов ауданы — Өтеген батыр көшесі мен Абай даңғылының қиылысы
-
Медеу ауданы — Меңдіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы
Биыл Түрксіб, Алатау және Наурызбай аудандары да жаңа жәрмеңке алаңдары ретінде қосылады. Сонымен қатар Бостандық және Әуезов аудандарындағы жәрмеңке алаңдарын жаңғырту жұмыстары жоспарланған.
