Астанада құрылыс барысын қадағалау үшін жасанды интеллект технологиялары енгізілді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің мәліметінше, 2026 жылғы 9 қаңтарда құрылыс саласын 2026–2027 жылдарға цифрландыру жоспары бекітілді.
2025 жылдың соңында Астанада құрылыс барысын бақылау үшін компьютерлік көру және жасанды интеллект технологияларын енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін жобаны масштабтау жоспарланып жатыр. Жүйе жер учаскелерін мақсатсыз пайдалануды және қала құрылысы жоспарларынан ауытқуларды ерте кезеңде автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді, — деді Жаслан Мәдиев үкімет отырысында.
