Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан әскери қызметкер қаза болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Arnapress мәліметінше, бұған дейін әлеуметтік желілерде Абай облысында әскери қызметкердің қаза болғаны туралы ақпарат тараған.
Бұл деректі Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі растады. Хабарламада оқиғаның 5 наурыз күні болғаны айтылған.
Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы салдарынан келісімшарт негізінде қызмет ететін әскери қызметкер өмірге қауіпті ауыр жарақат алып, қаза болды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. ҚР қарулы күштері құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза болған әскери қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оларға белгіленген тәртіпке сәйкес қажет қолдау көрсетіледі, – делінген хабарламада.
