Қар мен боран: «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге ескерту жасады

«ҚазАвтоЖол» еліміздің бірқатар өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты жүргізушілерге ескерту жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мекеменің мәліметінше, 2026 жылғы 6 наурызда Қазақстан аумағындағы 14 облыстың кей жерлерінде қалың қар жауып, боран соғуы мүмкін.

Атап айтқанда, Ақмола облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы, Батыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Абай облысы, Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Павлодар облысы және Ұлытау облысы аумақтарында қолайсыз ауа райы күтіледі.

Осыған байланысты жүргізушілерге жолда аса сақ болу ескертілді. Жылдамдық режимін сақтап, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұстану, сонымен қатар жолдағы ауа райы мен жол жағдайы туралы ақпаратты алдын ала бақылап отыру ұсынылады.