Жоғарғы соттың 3 судьясы қызметінен босатылды

Қазақстан парламенті сенаты жоғарғы соттың үш судьясын қызметінен босату туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сенат шешімі бойынша, ҚР жоғарғы соты судьялары Асқаржан Кенжеғарин мен Ғазиза Мұсабекова отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды. Олар жоғарғы сотта шамамен 8–10 жыл жұмыс істеген.

Ал Бейбіт Шермұхаметов зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды. Ол жоғарғы сот судьясы қызметін кейінгі 19 жыл бойы атқарған.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнама бойынша жоғарғы сот судьяларын қызметке президенттің ұсынысымен сенат тағайындайды және қызметтен босатады.