Александр Бородюк Даниямен ойнайтын Қазақстан құрамасының тізімін жариялады

Бас бапкер Александр Бородюк бастаған жаттықтырушылар штабы Даниямен өтетін ойынға келесі футболшыларды оқу-жаттығу жиынына шақырды:

Қақпашылар: Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Владимир Плотников («Қайрат»), Давид Лория («Ертіс»);

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Елдос Ахметов («Қайрат»), Ян Вороговский («Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Григорий Сартаков («Тобыл»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Георгий Жуков («Қайрат»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Серікжан Мужиков («Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Мақсат Байжанов («Қайсар»), Максим Федин («Оқжетпес»), Дидар Жалмұқан («Астана»);

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Ордабасы»), Роман Муртазаев («Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Қайрат»), Алексей Щеткин («Тобыл»);

Негізгі құрамның ойыншылары жарақат алып қалған жағдайда қосалқы құрамның ойыншылары шақырту алуы мүмкін: Аслан Дарабаев («Ертіс»), Виктор Дмитренко («Тобыл»), Асхат Тағыберген («Тобыл»), Александр Мокин («Астана»).

Қазақстан құрамасының футболшылары Премьер-Лиганың 15-туры аяқталғаннан кейін, 4 маусым күні Талғардағы ұлттық құраманың базасында оқу-жаттығу жиынына жиналады.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы матч 10 маусым күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.