Шымкентте полицейге қол көтерген жасөспірімге үкім шықты

Шымкенттің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында билік өкіліне күш қолданды деп айыпталған жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сот материалдары бойынша, 2025 жылғы қараша айында жасөспірім тұрғын үй ауласында төбелес туралы шақырту бойынша келген полицияның қызметтік көлігін теуіп, заңды талаптарға бағынбаған. Сонымен қатар ол полиция қызметкерлерінің бірінің бет тұсынан ұрып, дене жарақатын келтірген.

Сотта айыпталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығымен толық дәлелденгені атап өтілді. Мемлекеттік айыптаушы соттан жасөспірімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші жаза мөлшерін соттың қарауына қалдырды. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады, — делінген хабарламада.

Сот үкімімен кәмелетке толмаған азамат кінәлі деп танылып, оған бір жыл төрт ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да